Жаңалықтар

27.05.2022 (Обновлено: 15.06.2022 16:27)

ЕЭК министрі Максат Мамытканов: «Одақтың мақсаттарына кеден ісіндегі жоғары білікті кадрлар арқасында және жастар арасында Еуразиялық интеграция идеясын ілгерілету арқылы қол жеткізуге болады»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов 27 мамырда Бішкекте Қырғыз мемлекеттік заң университетінде ЕЭК қызметі туралы ашық лекция өткізді.

Максат Мамытканов Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына талдау жасады, Еуразиялық интеграцияның негізгі белестері, оның бизнес пен азаматтар үшін артықшылықтары туралы, сондай-ақ 2025- Стратегиясын іске асыру жайында әңгімеледі.

ЖОО студенттері мен оқытушыларына Комиссияның заңнамалық бастамалары мен ұсыныстары ескеріле отырып, Одақтың кеден саласында құқық қолдану негіздері бойынша әдіснамалық ұсынымдар ұсынылды. Министр бірқатар басқа әлемдік интеграциялық жобалармен салыстырғанда, Еуразиялық интеграцияның артықшылықтарын атап көрсетті, соның бірі — Одақтың аса маңызды құжаты — ЕАЭО-ның бірыңғай Кеден кодексінің қолданылатыны болып табылатыны сөзсіз.

Мүше мемлекеттердің қазіргі заманғы, соның ішінде кеден ісіндегі сыртқы сын-қатерлерге ден қоюы туралы айта келіп, Максат Мамытканов: «Жедел ден қою және экономикалық жағдаяттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ мемлекеттерінің Экономика және қаржы министрліктерімен, сондай-ақ ұлттық банктерімен бірлесіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың тізбесін дайындады», — деп атап көрсетті.

ЕЭК министрі академиялық қоғамдастықты Одақ құқығын әзірлеуге және жетілдіруге белсенді қатысуға, тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сарапшылық деңгейде жиі пікір алмасып тұруға шақырды.

Максат Мамытканов қырғыз студенттерінің еңбексүйгіштігі, білім құмарлығы және Қырғызстан ЖОО-ларында алып жатқан терең білімдері Еуразиялық интеграциялық процестердің одан әрі дамуына елеулі көмектесуге ықпал ететіндігіне сенімділік білдірді.

«Халықтың биік тұрмыс деңгейі мен біздің елдеріміздің өркендеуін қамтамасыз ете отырып, Одақтың мақсаттарына кеден ісін қоса, тек жоғары білікті кадрлар арқасында және жастар арасында Еуразиялық интеграция идеясын ілгерілету арқылы қол жеткізуге болады»

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі