Жаңалықтар

04.07.2022 (Обновлено: 12.07.2022 13:14)

ЕЭК министрлері РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің түлектерімен кездесті

4 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК министрлері Варос Симонян, Армана Шаққалиев, Максат Мамытканов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен оқуға келген, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің түлектерімен кездесті.
Іс-шара ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті (ХҰҚД) директорының орынбасары Данияр Жақсылық жүргізген Комиссия ғимараты бойынша экскурсиядан басталды. Ол биыл өзінң 10 жылдығын атап өткен ЕЭК — Еуразиялық экономикалық одақтың ұлтүсті реттеуші органының қызметі туралы айтып берді. Данияр Жақсылық сондай-ақ ЕАЭО рәміздемесі, ХҰҚД құрылымы туралы ақпаратпен таныстырып, Құрметті қонақтар кітабын көрсетті. Комиссия Алқасының отырысы залында студенттер «Электрондық Алқа» бағдарламасын пайдалана отырып дауыс беру процесімен танысты.

ЖОО түлектерімен кездесуде ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян ЕЭК-тегі сол немесе өзге лауазымға үміткерлер мен Комиссия қызметкерлерінің кейіннен оның қорытындысы бойынша сертификат ала отырып, міндетті түрде Еуразиялық құқық бойынша онлайн-курстарда оқудан өтуі туралы бастама көтерді.

«ЕЭК халықаралық ұйымында Еуразиялық құқықтың не екенін білетін адамдар жұмыс істеуге тиіс. Біз осы курстарды енгізу арқылы ЕЭК рөлін арттырамыз, бұл шамамен 185 млн адам үшін саясат қалыптастыратын Комиссия жұмысының сапасына әсер етеді», — деп атап өтті Варос Симонян. Оның пікірінше, Комиссия қызметкерлерінің үштен бірі жыл сайын біліктілігін арттыру үшін қайта даярлаудан өтіп, емтихан тапсыруға тиіс. Бұл Еуропалық одақта қабылданған халықаралық тәжірибе.


Маңызды бастама — Қаржы университетінде ұлттық әкімшіліктер мен ЕЭК-те жұмыс істеу үшін кадр құрамын даярлау үшін ЕАЭО экономикасы мәселелеріне арналған Еуразиялық интеграция орталығын құру. «Біз жас ұйымбыз, біз он жастамыз. Бізге ЕАЭО-ны ілгерілету үшін көмектесетін табысты құралдарды пайдалану қажет. Қабылданатын шешімдер сапалы болуға тиіс», —деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Қаржы университеті түлектерінің айтуынша, бұл жақсы идея, өйткені ЖОО-ның ағымдағы бағдарламаларында Еуразиялық құқық ұсынылмаған. Студенттер кездесу шеңберінде бірқатар бастамаларын білдірді. Атап айтқанда, олар ЖОО базасында ЕАЭО елдерінің студенттерімен достық қатынастарды нығайтуды ұсынды.

Осыған байланысты Варос Симонян биылғы тамыз айында Ыстықкөлде ТМД және ЕАЭО I Жастар форумы жоспарланғанын еске салды. ЕЭК министрінің пікірінше, ЕАЭО елдері жастарының қарым-қатынас жасауы, мәдени диалогты дамытуы маңызды. Мәдени дипломатия арқылы өз елдерінің мүдделерін ілгерілетуге болады, ал жастардың бастамалары ЕАЭО-ның дамуына серпім беруге тиіс.
  ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев Қаржы университетінің түлектеріне «Бәсекелестік бар жерде, жақсарыс бар» деген сөздермен қайырылды.
«Өмірдің кез-келген саласында адал бәсекелестіктің болуы тұрақты даму мен жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Бәсекеге қабілетті болыңыздар, алға ұмтылыңыздар және оқуды тоқтатпаңыздар. Білім, спорт, руханият – бұл үш тұғыр, тұлғаның үндесімді дамуының негізі. Егер теңгерім сақталса және барлық үш бағыт қадамдас дамитын болса, онда бұл синергияда мақсаткер, теңдестірілген тұлға пайда болады».

Арман Шаққалиев ЖОО түлектеріне ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогының қызметі туралы, тұтастай Комиссия жұмысы жайында айта келіп, «Біздің міндетіміз — Комиссияның шешімдерінде Одақтың барлық елінің мүдделері ескерілуі, олардың ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында кедергілер мен монополистер тудырмауы», – деп атап өткен ЕЭК министрі ЖОО түлектері мен студенттерін Комиссияда практикадан өтуге шақырды.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің түлектерін ЖОО бітірулерімен құттықтады: «Сіздерді жоғары оқу орнын бітіру сынды айтулы оқиғамен құттықтаймын. Алған білімдеріңіз бен оқудағы ойдағыдай тәжірибелеріңізді кәсіби салада және тұтастай өмірде іске асырасыздар деп сенемін».

Максат Мамытканов студенттерге ЕАЭО елдерінің кедендік ынтымақтастығы шеңберінде жүзеге асыруға болатын қызықты идеялар мен жобалық бастамалар туралы ойлауды ұсынды. «Біз кедендік реттеудің ойластырылған, сенімді және ашық жүйесін құруға тырысамыз. Біз жаңа қызметкерлерден жұмыста озық технологияларды қолдануды күтеміз», — деді ЕЭК министрі.
Максат Мамытканов студенттердің сұрақтарына жауап берді. Диалог бұдан арғы ынтымақтастық және интеграция мен ЕАЭО-ны дамыту перспективалары тақырыбына арналған әртүрлі ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігі туралы уағдаластықпен аяқталды.