Жаңалықтар

15.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 14:51)

Әлемнің жас дипломаттары Ұлы Отан соғысы туралы естелікті сақтауға бірге көмектеседі

13 қазанда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында өткен жас дипломаттардың «Жеңіс дипломатиясы» IV Жаһандық форумында жас дипломаттардың тарихи зердені сақтау және Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын бұрмалауға жол бермеу мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидатты маңыздылығы туралы әңгіме болды. Форумға қатысушылар – 60-тан астам елдің өкілдері – атап айтқанда, бірлескен патриоттық ағартушылық жобаларын ұйымдастыру перспективаларын талқылады.

Ұйымдастырушылар – Ресей СІМ Жас дипломаттар кеңесі, Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттік және Ресей СІМ Дипломатиялық академиясы болды.

Дипломатиялық академия ректоры Александр Яковенко кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлесін ақпараттық көрсету мәселелері барған сайын өзекті болып барады деп атап өтті. Бұл тұрғыда тарихи дипломатияның үлкен маңызды рөлі бар.

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкийдің пікірінше, әртүрлі елдердің жас дипломаттары арасындағы жанды тілдесім арқылы қол жеткізілетін нәрсені басқаша бағалау қиын. Ол форум шеңберінде жас дипломаттар арасында өзара түсіністіктің мүлде жаңа деңгейі пайда болатынын атап көрсетті.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің құттықтау сөзін ЕЭК-тің Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Комиссияның Жастар кеңесінің төрағасы Данияр Турусбеков оқып берді. Ол Жастар кеңесінің «Біздің батырларымыз» жобасы туралы айтты. Оның сөзінше, жоба идеясы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің әртүрлі министрліктері мен ведомстволарынан оң үн қосу тапты. Данияр Турусбеков жас дипломаттарды – кеңестік дипломатия мектебі дәстүрінің ізбасарларын ЕЭК-тің Жастар кеңесінің бастамасына қосылуға шақырды. 

«Біз тек бірге ғана Ұлы Жеңістің тарихын бұрмалауға тырысу әрекеттеріне қарсы тұра аламыз және біздің бабаларымыздың ерлігі туралы объективті ақпаратты жеткізе аламыз»,- деп түйіндеді Комиссия өкілі.

Бүкіл әлемнің жас дипломаттарының өзара іс-қимылының маңыздылығы және олардың тарихи зердені сақтауға қосатын елеулі үлесі туралы басқа да сөйлеушілер: Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттік басшысының орынбасары Павел Абрамов, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Григорий Гуров, Ресей СІМ ММХҚИ (У) проректоры Владимир Морозов, Татарстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі министрі Тимур Сулейманов, Ресей Дипломаттары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Игорь Халевинский, Жалпыресейлік «Ресей реконструкторлары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Михаил Шмаевич айтты. Ресей-Америка гуманитарлық қатынастары бойынша Ресей СІМ арнаулы өкілі Стивен Сигал бейнеүндеу арқылы форумға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады.


Анықтама:

ЕЭК Жастар кеңесінің «Біздің батырларымыз» жобасы 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде Комиссияның Алқа мүшелерінің (министрлерінің), лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан 300-ден астам туысқанының фотосуреттері мен тарихы жиналды. Жоба ЕЭК-тің ресми сайтында бөлім түрінде қолжетімді.