МСМК ЕЭК-тің ТМД Экономикалық Сотына жүгіну туралы бастамасын қолдады
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (МСМК) 3 шілдеде Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның бастамасын қарады және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның және шаруашылық жүргізуші субъектінің немесе жеке тұлғаның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша 1992 жылғы 20 наурыздағы Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің жекелеген ережелерін ресми түсіндіру үшін ТМД Экономикалық Сотына жүгінім жолдауы туралы шешім қабылдады. 

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің сөзінше, бастама Комиссияның шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) немесе жеке тұлғаның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мүмкіндігі туралы ақпараттық хат дайындау шеңберінде туындаған бірқатар мәселені шешу қажеттігіне негізделген.

Жұмыс ЕЭК Кеңесінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 тапсырмасын орындау үшін жүргізілуде. 


Скачать исходники фотографий