Жаңалықтар

18.05.2022 (Обновлено: 26.05.2022 10:47)

2022 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 5,6% өсті

2022 жылғы қаңтар-наурызда Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнімінің өндірісі 361,8 млрд АҚШ долларын құрады және 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,6% өсті.

Өндірістің артуы Одақтың барлық елінде: Қырғызстанда 7,3%, Ресейде 5,9%, Қазақстанда 5,8%, Арменияда 3,1% және Беларусьта 0,2% байқалды.

Өндіріс неғұрлым елеулі түрде кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда артты — 8,1%.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Әлеуметтік-экономикалық статистика» бөлімінде берілген.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі