Арзыбек Қожошев: «Бүгінгі таңда көлік жұмысқа, оқуға, әлеуметтік өмірге қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады»

Көлік саласындағы интеграцияның Еуразияның орнықты дамуын қамтамасыз етуге тигізетін әсері «Үлкен Еуразия аймағындағы орнықты көлік: ұтқырлық, мультимодальдық және цифрландыру» атты сессиясының басты тақырыбына айналды. Іс-шара Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум алаңында өтті.

«Көлік және инфрақұрылым халықтың барлық топтары, соның ішінде шалғай аудандардың тұрғындары үшін әділ баға белгілеу кезінде қолжетімді болуы тиіс», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.

Сөз сөйлеу барысында цифрлық технологияларды, инфрақұрылымды, халықаралық көлік дәліздерін, контейнерлік және мультимодальды тасымалдарды дамыту егжей-тегжейлі қаралды. Энергия тиімділігін арттыру, қоршаған ортаның ластануын азайту, көліктің шамадан тыс жүктелуі мәселелері талқыланды.

«ЕАЭО тұрақты көлік қағидаттарын іске асыруға дәйекті және серпінді түрде көшуде. Фокус Одақ транзитін пайдалану тиімділігін арттыруға, зияткерлік көлік жүйелерін дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған», деп атап өтті ЕЭК министрі.
Пікірталас алаңы мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Сессия спикерлері Армения Республикасы Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үйлестіру көлік кеңесінің атқарушы комитетінің басшылары, Иран өкілдері болды.