Жаңалықтар

18.07.2022 (Обновлено: 26.07.2022 11:26)

ЕЭК алаңында ЕАЭО елдерінің сарапшылары ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін басым түзетулерді талқылады

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі сарапшылық топтың кезекті отырысы шеңберінде мәселелердің кең тобы қаралды. Солардың арасында каботажды тасымалдарға және ЕАЭО аумақтары мен құрылықтық қайраңда тұрған не салынып жатқан объектілер арасындағы тасымалдарға қатысты өзгерістер келісілді.
  Транзиттік тасымалдар кезіндегі талаптарды барынша біріздендіру, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне кіргізу жағдайлары, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардың жұмыс істеуі де басты назарда болды.

Бес күн бойы жалғасқан топ отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Комиссия ұсынған 40-тан астам басым мәселе пысықталды.

Жұмыс ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың алғашқы кешенді жобасын дайындау шеңберінде жүргізілуде. Отырыс барысында сарапшылармен келісілген түзетулер бизнес шығындарын қысқартуға, ЕАЭО КК нормаларын нақтылау және реттелмеген мәселелерді жою есебінен теріс құқық қолдану мен сот практикасын болдырмауға бағытталған.