Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде "ЕАЭО елдерінің халықаралық агроөндірістік нарықтарды қалыптастырудағы рөлі" сессиясының модераторы болды.
Мемлекеттік органдардың, бизнестің, салалық бірлестіктердің және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің АӨК даму перспективаларын, кооперациялық байланыстарды нығайтуды және ЕАЭО елдері өнімдерінің әлемдік нарықтарда қатысуын кеңейтуді талқылады.
Гоар Барсегян агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кооперациялық жобаларды дамыту және қосылған құнды құрудың орнықты тізбектерін қалыптастыру үшін мүше мемлекеттердің күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығын атап көрсетті.
Іс-шараға қатысушылар аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін дамытуға, заманауи технологияларды ендіруге және халықаралық ынтымақтастықтың тиімді механизмдерін қалыптастыруға айрықша назар аударды. ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіптің және азық-түлікпен қамтамасыз етудің жаһандық жүйесіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік беретін айтарлықтай ресурстық және өндірістік әлеуеті бар екендігі атап өтілді.
Сессияға қатысушылар аграрлық саладағы интеграциялық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және жаңа халықаралық нарықтарды игерудің бірлескен тәсілдемелерін әзірлеуге мүдделілігін растады.
Талқылау қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның әлемдік агроазық-түлік нарығының маңызды қатысушыларының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді.