Жаңалықтар

11.11.2022 (Обновлено: 18.11.2022 15:23)

ЕЭК сайтында бәсекелестік қағидаларын бұзушылық үшін айыппұлдарды есептеудің интерактивті модулі пайда болды

Интерактивті модуль ("айыппұл калькуляторы") трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық үшін - үстем жағдайды теріс пайдалану, жосықсыз бәсекелестік, бәсекелестікке қарсы келісімдер, экономикалық қызметті үйлестіру үшін айыппұлдың ықтимал мөлшері туралы ақпаратты онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ол өтінішті қарау, тергеп-тексеру жүргізу немесе бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы іс шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің сұрау салуы бойынша ақпаратты бермегені, уақытылы бермегені не көрінеу дәйексіз ақпарат бергені үшін төлеуге тура келетін соманы есептеуге мүмкіндік береді.

Айыппұлдарды есептеу құралын пайдалану өте оңай. Алдымен бұзушылықтың түрін таңдауды айқындап алу керек. Аталып өткеніндей, бұл бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу немесе ақпаратты бермеу, уақытылы бермеу немесе көрінеу дәйексіз мәліметтер беру болуы мүмкін. Айыппұлды есептеу кезінде калькулятор оның мөлшерін автоматты түрде азайту немесе ұлғайту арқылы жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескеріп отырады.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтің сөзінше, құрал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы реттеу қызықтыратын кәсіпкерлері, кәсіпорын басшылары және қарапайым азаматтары үшін пайдалы. 

"Модуль нақты уақыт режимінде бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушы тап болуы ықтимал тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді және оны трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке зиян келтіретін және теріс әсер ететін әрекеттерден сақтандыруы мүмкін",- деп атап өтті министр.