Жаңалықтар

07.09.2022 (Обновлено: 15.09.2022 10:32)

ЕЭК сайтында бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтың бар екенін бағалауға арналған цифрлық модуль пайда болды

7 қыркүйекте Минскіде өткен Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 53-отырысы барысында бәсекелестік қағидаларын бұзушылық профилактикасының жаңа құралы туралы ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев айтып берді.
Модуль нақты уақыт режимінде монополияға қарсы реттеу саласындағы өз білімін тексеруге, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеттеріндегі бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерінің болуы тұрғысынан олардың мінез-құлқын бағалауға және ықтимал тәуекелдердің болуын есептеуге мүмкіндік береді.

"Уақыт ағымын ескере отырып, біз цифрландыру, нарыққа қатысушылар үшін қарапайым әрі түсінікті ойын қағидаларын құру мәселелеріне баса назар аударамыз. Бізге бұл құралдың кәсіпкерлер үшін сұранысты болғаны өте маңызды", – деді министр
.

Білімді тестілеу құралы Еуразиялық экономикалық комиссия сайтының басты бетінде «Сервистер. ЕАЭО-дағы бәсекелестік – бизнеспен диалог» бөлімінде орналасқан. Сауалдама кезінде тіркеудің барынша қарапайым нысаны көзделген – өткен тестілердің нәтижелері тиісті түсіндірмелерімен жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет. 

"Өздеріңіз түсініп тұрғандай, бұл әлеуетті бұзушыларды ұстап алудың құралы емес, кез келген респондентке өзінің шаруашылық қызметіне бәсекелестік заңнамасын сақтау тұрғысында үңілуге көмек бере алатын құрал», – деп қорытындылады Арман Шаққалиев.