9 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетянның төрағалық етуімен Мәскеуде Ресейдің "Алтын күз – 2025" агроөнеркәсіптік көрмесінің іскерлік бағдарламасы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақта асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша үйлестіру кеңесі болып өтті.
Асыл тұқым ресурстары нарығын дамыту жоспарлары, асылдандыру істері жүйесін қалыптастыру механизмдері мен құралдары, ЕАЭО шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығында цифрландыруды дамыту талқылаудың түйінді тақырыптары болды.
Наира Карапетян агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың міндетті шарты ретінде асыл тұқымды мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі туралы айтып берді.
ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Сәуле Молдабаева "Инновациялар – практикаға: қазіргі заманғы кезеңде жасыл өнім сегменті қалай дамуда" атты панельдік пікірсайыс барысында шараға қатысушыларды мүше мемлекеттердің жасыл технологияларды қолдану және Одақтың АӨК органикалық өнімдерінің айналысы жөніндегі құқығын қалыптастыру саласындағы тәжірибесі туралы хабардар етті."ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды өнімін айналысқа шығаруға, әкелуге, әкетуге және орнын ауыстыруға қойылатын талаптарды біріздендіру жөніндегі бұдан арғы қадамдар асыл тұқым ресурстары мен орнықты жеткізілім схемалары туралы жалпы деректер базасын құрумен қатар, Одақ мемлекеттерінде асыл тұқымды өніммен өзара сауданы ұлғайту және мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Наира Карапетян.
Кеңеске ЕАЭО елдерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті басқару органдарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың және мүше мемлекеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығының өзге де субъектілерінің басшылары мен өкілдері қатысты.