1998 жылы Беларусь мемлекеттік экономикалық университетін (БМЭУ), 2015 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
БМЭУ-ді бітіргеннен кейін Минск қаласы Ленин аудандық әкімшілігінің экономика бөлімінде жұмыс істеді.
2002-2004 жылдары – Минск қалалық атқару комитеті экономика комитетінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2011 жылға дейін Беларусь Республикасы Салық және алымдар министрлігінің Минск инспекциясында әртүрлі лауазымдарда, яғни аға инспектор, бас мемлекеттік салық инспекторы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2011-2014 жылдары – Минск қалалық атқару комитетінің Экономика комитетінің экономикалық талдау және болжау бөлімінің меңгерушісі болды.
2014 жылдан бастап Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді, мұнда 2019 жылға дейін экономика және қаржы бас басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары.
2025 жылғы қазан айының 27-нен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.