Николай Кушнарев қаржылай қолдау механизмін таныстырды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев "РФ СЭБ" мемлекеттік даму корпорациясының алаңында ресейлік кәсіпорындар мен қаржы ұйымдарының өкілдері үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау механизмінің таныстырылымын өткізді.

"ЕЭК бизнес пен қаржы құрылымдары үшін өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесу механизмі бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Аталған механизмнің федералдық преференциялармен ұштасуы өнеркәсіпте жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтеді және Одақ елдерінде кооперацияны ынталандырады", – деп атап өтті Николай Кушнарев.

Іс-шара шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың даму институттарымен өзара іс-қимылы және өндірістік тізбектердің тиімділігін арттыру талқыланды.

Таныстырылымға РФ СЭБ төрағасының орынбасары Даниил Алгульян, Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарының, компанияларының, кредиттік ұйымдарының және даму институттарының өкілдері қатысты. 

 



Скачать исходники фотографий