Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ТКРЖ импортын бақылаудың жаңа механизмі талқыланды

Ресейге тауарларды импорттаушылар үшін тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) іске қосылды. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің жүк тасымалдаушылары үшін жаңа жүйенің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану практикасына арналған вебинар өткізді.


Іс-шараны ашқан Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Рустан Дженалинов: "Жаңа ережелерді ендіру әрдайым шаруашылық жүргізуші субъектілердің сауалдары мен именушілігінің көптігіне байланысты. Мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастық арасындағы тіке және ашық диалог қана жаңа реттеушілік механизмдерінің бірқалыпты ендірілуін қамтамасыз етуге және кәсіпкерлердің шығындарын барынша азайтуға қабілетті", — деп атап өтті. 

Вебинар "сұрақ-жауап" форматында өтті, Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің, Федералдық салық қызметінің және Федералдық кеден қызметінің өкілдері іс-шараға қатысушыларды құқық қолдану практикасы және ТКРЖ белгілеген қағидаларды бұзуға байланысты тәуекелдерді азайту туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, вебинарға қатысушылар ҚҚС төлеу бойынша қаржылық қамтамасыз етудің ерекшеліктері, сондай-ақ ТКРЖ-мен жұмыс істеу кезінде тасымалдау процесіне қатысушылардың жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырату бойынша жан-жақты түсінік алды. Сонымен қатар, сарапшылар бақылау-өткізу пункттерінің қиылысуының техникалық өзгешеліктерін және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау кезіндегі форс-мажор жағдайындағы іс-қимыл регламентін айқындап түсіндіруге бөлекше тоқталды.

Іс-шараға халықаралық жүк тасымалдау саласында жұмыс істейтін 200-ден астам компанияның өкілдері қатысты. Іс-шара АТИ.СУ халықаралық жүк платформасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Еске сала өтсек, ТКРЖ ЕАЭО елдерінен Ресейге тауарлардың әкелінуін бақылау үшін импортты ақтау жөніндегі шаралар шеңберінде және әкелу ҚҚС пен акциздерді төлемейтін "сұр" схемаларға жол бермеу үшін әзірленген. ТКРЖ талаптары "Тауарларды жеткізуді күтуді растаудың ұлттық жүйесі туралы және Ресей Федерациясының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 101-ФЗ Федералдық Заңымен белгіленген.

Вебинардың трансляциясы мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://vk.com/eecommission?z=video-65062670_456240872

ТКРЖ туралы неғұрлым толығырақ ақпарат: https://www.nalog.gov.ru/rn77/related_activities/spot/

Қауырт желі телефондары: 

ФСҚ: 8-800-222-22-22;

ФКҚ: 8-499-449-74-89.


Скачать исходники фотографий