Жаңалықтар

13.09.2022 (Обновлено: 23.09.2022 11:19)

Контейнерлерге арналған нөлдік кедендік баж 2023 жылғы ақпан айының соңына дейін қолданыла береді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы контейнерлердің жекелеген түрлеріне (ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 коды) қатысты нөлдік кедендік әкелу бажының қолданылу мерзімін қоса алғанда 2023 жылғы 28 ақпанға дейінгі аралыққа ұзартты.

 

"Қабылданған шешім ішкі нарықты тиісті тауарлармен молықтыруға және жаңартуға ынталандырушы әсер бере отырып, Батыс логистикалық компанияларының бір бөлігі ЕАЭО-дан кеткеннен кейін контейнерлік парктің қысқаруына жол бермеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Ол қазіргі уақытта Одақ аумағында өндірілетін контейнерлерді ЕАЭО елдерінің бизнесі толық көлемінде сатып алады, алайда бұл ретте қолда бар қажеттіліктер толығымен қамтамасыз етілмейді деп түсіндіріп өтті.

Қажетті өзгерістер Комиссияның басқа актілеріне де енгізілетін болады.


Анықтама

ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 кіші қосалқы позициясында радиоактивті заттарды тасымалдауға арналған радиацияға қарсы қорғасын жабыны бар контейнерлерді, сондай-ақ ішкі көлемі 42 м3-тен 43 м3-ке дейінгі контейнерлерді қоспағанда, көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдауға әдейі арналған және жабдықталған контейнерлер (сұйықтықтарды немесе газдарды тасымалдауға арналған сыйымдылықтарды қоса) сыныпталады.

ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының контейнерлерге қатысты қолданыстағы ставкасы кедендік құннан 10% құрайды. Комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 63 шешіміне сәйкес 2022 жылғы 28 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта 0% мөлшеріндегі баж қолданылады.