2023 жылғы IV тоқсанның қорытындылары бойынша ЕАЭО-ның барлық елінде бизнесті кредиттеу көлемі өсті

Заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер көлемі 2023 жылдың төртінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Арменияда 14%, Беларусьта 27%, Қазақстанда 32%, Қырғызстанда 31% және Ресейде 25% артты. Шетелдік валютадағы кредиттеу көлемінің Қазақстанда 85% және Қырғызстанда 2,1 есе айтарлықтай өсуі байқалды.

2023 жылғы төртінші тоқсанның аяғында заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы кредиттер бойынша берешегі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Беларусьта 41%, Қазақстанда 24%, Қырғызстанда 18% , Ресейде 25% ұлғайды. Шетел валютасындағы кредиттер бойынша, Беларусьті қоспағанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі заңды тұлғалар берешегінің өсуі (8% төмендеуі) байқалды.

2024 жылғы наурыз айының басында кредиттеу құнының азаюы Арменияда 8,75% (-0,50 п.п.) және Қазақстанда 14,75% (-1,00 п. п.) тіркелді. Беларусьтың, Қырғызстанның және Ресейдің ұлттық (орталық) банктері ставкаларды тиісінше 9,50%, 13,00% және 16,00% деңгейінде сақтады.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Қаржылық статистика» бөлімінде берілген.