Жаңалықтар

18.01.2022 (Обновлено: 01.02.2022 17:45)

Машиналар мен жабдыққа арналған техрегламентке қатысты мемлекетаралық стандарттар әзірлеу бағдарламасы жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке қатысты мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын бекітті.


Бағдарламада 142 мемлекетаралық стандарт әзірлеу көзделген, олардың 21-і Беларусь Республикасына (13-ін 2023 жылға дейін және 8-ін 2024 жылға дейін әзірлеу қажет) бекітілген. Қазақстан Республикасы 53 стандарт, олардың 32-сін 2024 жылға дейін және 21-ін 2025 жылға дейін әзірлеуді жоспарлап отыр. Ресей Федерациясы 68 стандарт, олардың 5-ін 2024 жылға дейін, 43-ін 2025 жылға дейін және 20-сын 2026 жылға дейін әзірлейді.

Бұл ретте 64 мемлекетаралық стандарт ISO халықаралық стандарттары негізінде, ал 73-і EN өңірлік стандарттары негізінде әзірленеді.

Бағдарлама Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ 2013 жылы Комиссия Алқасы бекіткен бағдарламаның қолданыстағы редакциясын іске асыру барысы туралы ақпаратты ескере отырып дайындалған.