Жаңалықтар

21.03.2023 (Обновлено: 22.03.2023 17:56)

Қаптамаға арналған мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасы жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техрегламентті іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына енгізілген өзгертулерді бекітті.

Өзгертулер жобасы қолданыстағы Бағдарламаның 90%-дан астамының орындалуына байланысты дайындалған.

Мүше мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалған бағдарламаның жаңа редакциясы 41 позицияны қамтиды. Оның ішінде 31-і бойынша жаңа мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жоспарланған, оның 28-і ИСО, ЕN және ЭЫДҰ халықаралық және өңірлік стандарттарының талаптарына негізделетін болады. Бағдарламаның қалған позициялары бойынша қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарға өзгерістер енгізу немесе оларды халықаралық стандарттардың соңғы өзекті нұсқаларын ескере отырып қайта қарау көзделген. Алдыңғы Бағдарлама бойынша аяқталмаған стандарттарға қатысты оларды әзірлеуді аяқтау мерзімі өзектілендірілген.