Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 24 маусымда өткен отырыста Одақтың «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы»техникалық регламенттерінің стандарттар тізбесіне өзгертулер енгізуді мақұлдады.
Тізбелердің жекелеген ережелері айқындалды және нақтыланды, редакциялық және техникалық дәлсіздіктер жойылды. Бұл барлық мүдделі субъектілердің: теміржол көлігін дайындаушылардың, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың және ЕАЭО техрегламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын сынақ зертханаларының теміржол саласында техрегламенттерді іске асырудың бірыңғай практикасын белгілеуіне ықпал етеді.
Қабылданған өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді және 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын болады.