Тасымалдауға және пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газға арналған техникалық регламентке қатысты стандарттар жаңартылды
20.01.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 20 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне қатысты зерттеу әдістерін қамтитын стандарттар тізбесінің жаңартылған редакциясын бекітті.


Бұл мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаны іске асыруды ескере отырып, техникалық регламентке қатысты дәлелдемелік базаны өзекті күйде ұстау үшін қажет.

Өзектілендірілген редакцияға 35 мемлекетаралық стандарт енгізілген, олардың ішінде жаңасы — 10 стандарт; үшеуі — Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты; үшеуі — Ресей Федерациясының ұлттық стандарты.

Тізбеден өнеркәсіп үшін өзекті емес бірқатар құжат алып тасталды.

Қабылданған шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және аталған техникалық регламентке өзгерістер күшіне енген күннен — 2025 жылғы 22 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.