2022 жылғы қаңтарда ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымы 62,6%, өзара сауда көлемі 17,3% өсті

2022 жылғы қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың сыртқы саудасы көлемі 76,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы қаңтардағыдан 62,6% артық. Экспорт 76,5%, импорт 40,6% артты.

ЕАЭО-дан тыс елдерге экспорттың неғұрлым елеулі өсуі Қазақстанда (94,1%) және Ресейде (76,8%), импорттың өсуі Қырғызстанда (2,8 есе) болды.

 2022 жылғы қаңтар ішіндегі тауарлардың өзара саудасының көлемі 5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы қаңтардағы деңгейден 17,3% жоғары.

 Өзара саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық мемлекетінде тіркелді. Мейлінше көп өсім Қырғызстанда (80%) және Арменияда (34,3%) байқалды.

 Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «Тауарлардың сыртқы және ішкі саудасының статистикасы» бөлімінде 2022 жылғы қаңтар ішіндегі талдамалы материалдарда берілген.