Жаңалықтар

24.11.2022 (Обновлено: 30.11.2022 12:39)

ЕАЭО елдері құзыретті органдарының өкілдері кедендік қағидаларды бұзушылық үшін заңды жауаптылық белгілеуге орайлас жалпы қағидаттар мен тәсілдемелерді талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамыткановтың төрағалық етуімен бейінді жұмыс тобының бірінші отырысында ЕАЭО елдерінің құзыретіне кедендік реттеу саласындағы құқық қорғау қызметі жататын уәкілетті органдарының өкілдері кедендік қағидаларды бұзушылық үшін тұлғаларды жауаптылыққа тартуға орайлас жалпы құқықтық тәсілдемелерді талқылады.

 Бұл міндет 2025-Стратегиясында бекітілген және оны елдер орташа мерзімдік перспективада іске асыруға тиіс.

Кедендік реттеу саласындағы құқықтық қатынастар барынша біріздендірілген болып табылады, ЕАЭО Кеден кодексімен және оны дамыту үшін қабылданған актілермен реттеледі. ЕАЭО КК-те кедендік операцияларды жасайтын тұлғалардың міндеттері белгіленген, оларды орындамау одақтық елдердің ұлттық заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартуға тиіс.

«Интеграциялық процестердің дамуының бүгінгі кезеңінде ЕАЭО-ға кіретін кез келген мемлекеттің аумағында ұқсас құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылықты белгілеуге орайлас жалпы қағидаттар мен тәсілдемелерді көздейтін бірыңғай үлгідегі қорғау нормаларының жүйесін құру қажеттігі пісіп-жетілді»,- деп атап өтті Максат Мамытканов.
Қаралған тақырыптардың арасында - ЕЭК пен ЕАЭО мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыруға орайлас тәсілдемелерді тұжырымдау, тақырыптық сарапшылық консультациялар ұйымдастыру және ЕАЭО құқығында осындай жауаптылыққа орайлас жалпы қағидаттар мен тәсілдемелерді бекіту жөнінде ұсыныстар дайындау бар.

   Анықтама

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 3.1.6-тармағында 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа кедендік реттеу саласындағы Одақ құқығының талаптарын сақтамағаны үшін жауаптылықты белгілеудің барлық қағидаттары мен тәсілдемелерін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген.