Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатыпалым саласының өзекті мәселелері талқыланды
ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатыпалым саласының өзекті мәселелері талқыланды
26.08.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович ЕЭК штаб-пәтерінде ресейлік сарапшы – Экономика жоғары мектебінің профессоры, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары, соның ішінде мемлекеттік сатыпалым мәселелеріне жетекшілік еткен Алексей Лавровпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге қатысушылар ЕАЭО шеңберіндегі осы саланың өзекті мәселелерін және статистикалық есептілікті жетілдіру перспективаларын қоса, оларды реттеу ерекшеліктерін талқылады."Біз сіздің Еуразиялық экономикалық интеграцияны мемлекеттік сатыпалым саласында дамытуға қосқан зор жеке үлесіңізді бағалаймыз", – деп атап өтті Максим Ермолович.