Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" және "Газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттеріне өзгерістердің жобалары жария талқылауға жіберу үшін мақұлданды. Тиісті шешімдер ЕЭК бейінді министрі Валентин Татарицкийдің төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында қабылданды.
Аттракциондарға арналған техникалық регламенттің өзгерістері сәйкестікті бағалаудың типтік схемалары негізінде сәйкестікті бағалау нысандарын, схемаларын және рәсімдерін белгілеуге байланысты.
Газ тәрізді отыны бар аппараттарға арналған техникалық регламентке келетін болсақ, оның өзгерістері ішкі кеңістіктер мен үй-жайларда қолдануға арналған жабдықтың жанбай қалған газдың жиналуына жол бермейтін құрылғымен міндетті түрде жабдықталуға тиіс екендігіне байланысты туындайды.
Консультативтік комитет "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын, ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы және кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдер мен карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер жобасын, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өзгерістер жобасын ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін жіберуді ұсынды.
Бұдан басқа, "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі" техникалық регламентіне ЕАЭО елдерінде мемлекетішілік келісу нәтижелері бойынша дайындалған № 4 өзгерістер жобасы және ЕАЭО кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Одаққа әкелу тәртібіне жеке тұлғалар үшін электрондық сауда тауарларына күші қолданылуы бөлігіндегі өзгерістердің жобасы қаралды. Осы құжаттардың жобалары бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды, жұмыс аяқталғаннан кейін бұлар Комиссия Алқасының отырысына жіберілетін болады.
Консультативтік комитет мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі кіші комитеттің құрамын өзектілендірді.