Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастықты дамыту бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдер мақұлданды

Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының сарапшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру аясында Еуразиялық экономикалық одақтың ДКҰ-мен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдерді алдын ала мақұлдады.

ЕЭК-тің сараптамалық отырысына Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының кедендік ынтымақтастық жөніндегі блогының өкілдері қатысты, олардың құзыретіне кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері кіреді. Жұмыс тобының мүшелері ДКҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі 2025-Стратегиясын іске асыру үшін қажетті мәселелер кешенін қарастырды.

«Комиссия Одақтың ДКҰ-ға мүшелігі, сондай-ақ оның негізгі құқықтық құралдарына қосылуы туралы ЕАЭО елдері басшыларының директивасын орындау бойынша негізгі ұйымдық-құқықтық тәсілдерін айқындайтын құжат әзірледі», - деп атап өтті ЕЭК кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров.

Департамент басшысы бұл міндетті шешу құқықтық, процедуралық, институционалдық аспектілерді терең талдауды, Одақ үшін артықшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтауды талап ететінін және мұндай жұмысты Комиссия қазірдің өзінде жүргізіп жатқанын түсіндірді.

Одақтың ДКҰ-мен ынтымақтастығын дамыту Стратегиялық бағыттарды, сондай-ақ ЕАЭО халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асырудың маңызды аспектісі болып табылады және кедендік реттеу саласындағы құқықты жаңғыртуға оң әсер етеді.

Анықтама

Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының 11.7.5.-тармағында Одақтың ДКҰ мүшесі мәртебесін алуы, Одақтың ДКҰ-ның негіз қалаушы құжаттарына қосылу мүмкіндігін пысықтау сияқты іс-шаралар көзделген.