ЕЭК пен Еуразиялық «бестік» елдерінің ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын (ОЭН) қалыптастыру жөніндегі қарқынды жұмысы жалғасуда.
Еуразиялық экономикалық комиссия Санкт-Петербург Тауар-шикізат биржасымен (СПбХТШБ) бірлесіп ұйымдастырған ЕАЭО ОЭН қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің 100-ші отырысында Биржа басшылары Алексей Рыбников пен Сергей Трофименко кіші комитет сарапшыларына ЕАЭО ОЭН-ға мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру жөнінде өздерінің дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Бұған дейін 2022 жылғы 25 қарашада ЕЭК Кеңесі СПбХТШБ-ны ЕАЭО ОЭН-ға мерзімді келісімшарттар жасау бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасының үш операторының бірі ретінде белгілеген болатын. Әзірленген жоба аясында биржада барлық таңдалған үш сауда алаңында бірыңғай сауда сессиясын ұйымдастыруға дайындығы бар. Бұл туралы Беларусь әмбебап сауда биржасымен уағдаластық бар, қазақстандық электр энергиясы және қуат нарығының операторымен келіссөздер жалғасуда.
Сонымен қатар, кіші комитет мүшелері Одақтың ОЭН-да электр энергиясын өзара сату ережелерінің жобасына нақтылауды келісіп, ақпарат алмасу ережелерінің жобаларын және Одақтың ОЭН-ға қосылу туралы шарттың нысандарын талқылады. Аталған құжаттарды қабылдау электр энергиясының ортақ нарығының қызметін бастау үшін міндетті болып табылады.
Іс-шараға қатысушыларға ЕЭК энергетика министрі Арзыбек Қожошевтің алғыс сөздері табысталып жеткізілді, ол: «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жоғары білікті мамандарының кіші комитет жұмысына қатысуы бізге терең ойластырылған құжаттарды әзірлеуге және ортақ электр энергиясы нарығының жұмыс істеуінің тиімді механизмдерін жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сарапшылар жұмысының қарқындылығы біздің елдеріміздің ортақ нарықты тезірек іске қосуға деген қызығушылығымызды білдіреді», - деп атап өтті.