Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілуге жатпайтын тауарлардың тізбесі айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілуге жатпайтын тауарлардың тізбесін белгіледі.

Тізбе кедендік реттеу саласындағы ЕАЭО құқығын өзектендіру мақсатында әзірленді және оларды алмастырмай, Дүниежүзілік пошта одағының ережелерімен үйлесе жұмыс істейтін болады.

Соңғы уақытта электрондық сауда алаңдарында және интернет-дүкендерде сатып алынатын және тиісінше халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлардың айналымы айтарлықтай өсті. Бұл ретте Бірыңғай тізбенің болмауы кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына теріс әсер етті және осындай тауарларды, оның ішінде жеке тұлғалардың жіберуі кезінде белгілі бір тәуекелдер туғызды.

ЕЭК-тің шешімі бойынша бір құжатта барлық санаттағы тұлғалардың халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге жатпайтын тауарлардың толық тізбесін айқындайды, бұл осы мәселеде ашықтықты тудырады.

Тізбе қабылданғанға дейін тауарларды халықаралық пошта жөнелтімдеріне жіберу Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 338 (заңды тұлғалар үшін) шешімімен және ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамасымен (жеке тұлғалар үшін) бірлесіп реттелді.

Қабылданған шешім Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы «Тауарларды халықаралық пошта жөнелтімдеріне жіберу ерекшеліктері туралы» № 338 шешімінің күші жойылды деп танылады.