Жаңалықтар

29.03.2023 (Обновлено: 30.03.2023 18:16)

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді анықтау мен жоюдың жаңа тәсілдері айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді анықтау мен жоюдың жаңа тәсілдерін бекітті.

Тәсілдер кедергілерді қараудың оңтайландырылған мерзімдері мен жетілдірілген мехнизмін, кедергілер мен шектеулерді жойылды деп танудың пысықталған тәртібін, Одақтың ішкі нарығында кедергі белгілерінің болуына байланысты жағдайларды реттеу жөніндегі медиация рәсімін көздейді.

«Комиссия ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді саралау әдістемесінің қолданыстағы редакциясын қолдану практикасына талдау жасап, талдау негізінде оның жаңа редакциясын қабылдады. Жалпы айтқанда құжатта көзделген механизмдер кедергілерді саралау рәсімдерін айтарлықтай қысқартады», — деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян.