Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады.
Бүгінгі таңда уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) өз алаңдарында кеден қоймасының кедендік рәсімі шеңберінде тауарларды сақтай алады.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, декларацияны толтыру кезінде тауарлардың орналасқан жері туралы мәліметтерді көрсету қажет. Егер компания арнайы оңайлатуды қолданса, онда ол УЭО алаңында кедендік бақылау аймағының құрылғанын растайтын құжат не осындай аймақтың тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді толтырады.
Декларацияда осы мәліметтерді көрсету кеден органдарына қосымша сұрау салу жібермей, қажетті ақпаратты автоматты түрде алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кедендік бақылау оңтайландырылып, бизнес шығындары азаяды.
Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылауды жүргізу кезінде оңайлатулар берілетін заңды тұлғалардың ерекше санаты.
Уәкілетті экономикалық оператор үшін қосымша арнайы оңайлату Комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 18 қазандағы №86 шешімімен бекітілді.