Жаңалықтар

05.12.2022 (Обновлено: 13.12.2022 11:21)

ЕАЭО-ның бес жыл ішіндегі статистикасы жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың Статистикалық әржылдығын жариялады.

Әржылдықта 2017-2021 жылдардағы ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы, соның ішінде халқының саны, оның жұмыспен қамтылуы, тұрмыс деңгейі, білімі, бағалар, жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, инвестициялар, құрылыс, көлік пен байланыс, тұтыну нарығы, төлем теңгерімі, мемлекеттік қаржы және ақша-кредит жүйесі туралы деректер келтірілген.

2021 жылы ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 2 066,6 млрд АҚШ долларына жетті және 2017 жылмен салыстырғанда 7,3% артты. ЕАЭО-да тауарлардың өзара саудасы 73,1 млрд АҚШ долларын құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 33,6% артты. ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда 846,4 млрд АҚШ долларын құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 33,5% өсті. 

ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 1 447,2 млрд АҚШ долларына жетті және 11,6% артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 138,5 млрд АҚШ долларына жетті және 4,6% өсті.

Толығырақ статистика Статистика департаменті бетіндегі Статистикалық әржылдықта берілген.