Өзбекстанның биржалық қызметтегі тәжірибесі ЕАЭО-ның ортақ биржалық нарығын құру кезінде пайдаланылатын болады
17.10.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Өзбекстан Республикасына сапары барысында Өзбекстан республикалық тауар-шикізат биржасы басқарма төрағасының орынбасары Набихон Саматовпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2030 жылға қарай ортақ биржалық нарықты қалыптастыру бойынша ЕЭК-тің мүше мемлекеттермен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты. Тараптар ЕАЭО шеңберінде биржалық сауда саласындағы өзара іс-қимыл және таңдаулы практика ауысу мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша өзбек тарапы өкілдерінің Биржалық комитетке қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен Иран Ислам Республикасының байқаушылары кіреді.

"Өзбек тауар-шикізат биржасының өкілдерін байқаушы ретінде шақыру, сондай-ақ биржалық модельдің жұмыс істеуінің олардағы тәжірибесін пайдалану ЕАЭО-да ортақ биржалық нарық қағидаттарын қалыптастырудың бастапқы кезеңіне серпім береді", — деп атап көрсетті Максим Ермолович.