ЕАЭО шеңберінде навигациялық пломбаларды ендіру тәжірибесі ДКҰ отырысында талқыланды
29.10.2026
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің өкілдері онлайн-режімде Қауіпсіздіктің негіздемелік стандарттары және әлемдік сауданы оңайлату жөніндегі жұмыс тобының 33-ші отырысына қатысты. Отырыс Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде болып өтті.

ЕЭК кеден блогы навигациялық пломбаны ендіруді практикалық ендірудің негізгі кезеңдерін және осындай құрылғыны пайдалана отырып тауарларды тасымалдау тәртібін қоса, Еуразиялық экономикалық одақта оны қолданудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін таныстырды. Жобаның қол жеткізілген нәтижелері мен даму перспективалары айтып білдірілді.

ЕЭК өкілдері ДКҰ Хатшылығының, шетелдік кеден қызметтерінің сұрақтарына жауап берді. Баяндама Хатшылықтың, мүше мемлекеттердің және ДКҰ байқаушы мемлекеттері өкілдерінің оң бағасын алды.

Талқылауға кедендік операциялар және кедендік бақылау бөлімінің бастығы Анна Рабушко және перспективалық кедендік технологиялар бөлімі бастығының орынбасары Сергей Мозер қатысты.