Мәскеу қаржы форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік сатыпалым саласында автоматтандыру мен жасанды интеллектіні қолданудың маңыздылығын атап көрсетті.
Максим Ермолович мүше мемлекеттердегі сатыпалым жүйелерін цифрландырудың әсерін атап өтті, қол жеткізілген нәтижелерді бағалады және ЕАЭО шеңберінде бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыруды тежейтін, мемлекеттік сатыпалымға еркін қол жеткізуге бөгет болатын нәрселер туралы айтып берді. Бұл ретте ол мемлекеттік сатыпалымға қолжетімділікті қамтамасыз етудің пәрменді құралы ретінде Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімінің мүмкіндіктерін атап көрсетті."Автоматтандыру және жасанды интеллект — келісімшарттық жүйеге қатысушылардың көмекшілері" панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде ЕЭК министрі: "Жасанды интеллект жүйеге қазірдің өзінде енгізіліп қойған деректер мен қағидалардың сапасын күшейтеді. Егер деректер салғастыруға келмейтін болса, ал құжаттар машинада оқылмайтын болса, автоматтандыру оны еңсерудің орнына нарықтың фрагменттелуін бекітіп береді. Сол себепті келісілген жіктеуіштер, форматтар және машинада оқылатын құжаттар біз үшін техникалық деталь емес, ЖИ-дің Одақтың ортақ нарығында жұмыс істеуінің талапшарты", — деп атап көрсетті.
Сөзінің соңында Максим Ермолович: "Біз сатыпалымды цифрмен жүргізуді үйрендік. Келесі міндет — мұны бірге жасауды үйрену. Одақтың кез келген мемлекетінен келген өнім беруші бөгде рәсімнен жай ғана өз рәсімі сияқты өте алатын кезде цифрландыру интеграциялық нәтиже береді. Бұл үшін технология бар — келісілген қағидалар қажет", — деп түйіндеді."Одақтық цифрлық ресурстың практикалық мысалы Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі болып табылады. Оны Комиссия 2020 жылдан бері жүргізіп келеді, ол ЕАЭО аумағында өндірісі расталған 48 мың тауар туралы мәліметті қамтиды және күніне орта есеппен екі мыңға жуық жолданым алады", — деді ЕЭК министрі.
Сарапшылық пікірсайысқа Ресейдің мемлекеттік органдары мен бизнесінің өкілдері қатысты.