Жаңалықтар

23.09.2022

Электрондық сауда тауарлары декларациясын түзетуді толтыру ерекшеліктерін ЕЭК Алқасы айқындайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 23 қыркүйектегі отырысында ЕЭК Алқасының сыртқы электрондық сауда саласында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде пилоттық жобаны жүргізу кезінде пайдаланылатын жедеғабыл жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетуді толтыру ерекшеліктерін айқындау мүмкіндігін көздеді.

Мұндай шешім қалыптасқан құқық қолдану практикасына негізделген және электрондық сауда тауарларына қатысты бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл, мысалы, алдын ала кедендік декларациялау кезінде, мәліметтер тауарлар әкелінгеннен кейін немесе кедендік бақылау нәтижелері бойынша нақтыланатын кезде талап етілуі мүмкін. Яғни, егер алшақтық анықталатын болса, жіберілімді алу кезінде бұрын берілген декларацияның өзгерісіне жүгінуге болады.

Шешім бизнес пен түпкі тұтынушы үшін декларациялау механизмін неғұрлым ыңғайлы жасай отырып, осы санаттағы тауарларды өткізу кезінде кедендік реттеу бойынша нормативтік базаны дамытуға мүмкіндік береді.

Анықтама

Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жоба (эксперимент) өткізудің жекелеген мәселелері туралы» № 7 өкіміне сәйкес Одаққа мүше мемлекеттерде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта (ұзарту мүмкіндігімен) тиісті пилоттық жоба (эксперимент) жүргізіледі.

2021 жылғы тамызда Комиссия сыртқы электрондық сауда саласында эксперимент жүргізу үшін түйінді құжаттарды қабылдады, соның ішінде жедеғабыл жүктерге арналған тауар декларациясын толтыру ерекшеліктері айқындалды.