Еуразиялық экономикалық форумға (ЕЭФ-2026) БАҚ өкілдерін аккредиттеу ашылды
21.05.2026

28-29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы және Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Іс-шараларға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ шақырылған жоғары қонақтар қатысады.

Дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өтетін Жоғары Кеңес отырысының күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрін қамтиды.

Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етуінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерінің бірі — сауда тосқауылдарының мониториңін жетілдіру, уағдаластықтардың сақталуын талдау және ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық процестердің ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдану болып табылады.

Осы басымдықты бағытты ескере отырып, алдағы Еуразиялық экономикалық форумның тақырыбы: "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектіге үміт арту" болады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аталған іс-шараларды жазып-көрсету үшін аккредиттеуден өтуге шақырады.

Шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін 2026 жылғы 22 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейінгі мерзімде қоса беріліп отырған нысанға сәйкес журналистер тізімін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: mfakzaccreditation@gmail.com.

 

Жоғарыда аталған іс-шараларда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз орталықтары ұйымдастырылады.

2026 жылғы 28 мамырда Еуразиялық экономикалық форумды жазып-көрсету үшін аккредиттелген шетелдік БАҚ өкілдері Конгресс-орталыққа (EXPO іскерлік кешені) келуі қажет. Форумның іскерлік бағдарламасының іс-шаралары сағат 9:00-де басталады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына телефонға хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 72 09 87.