2022 жылғы қаңтар-мамырда ЕАЭО-да жолаушы айналымы 9,6% өсті
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі жолаушы айналымы 2022 жылғы қаңтар-мамырда 200,7 млрд жолаушы-километр құрады және 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,6% артты.

Жолаушылар тасымалының көлемі 7,4 млрд адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырдан 6,1% көп.

Осы кезең ішінде ЕАЭО-дағы көліктің барлық түрінің жүк айналымы 2,7 трлн тонна-километр құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырдан 1,9% артық.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері» бөлімінде берілген.