Халықаралық конференцияда ЕАЭО мен Моңғолияның өнеркәсіптік ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев Ұланбатырда өткен "Моңғолия мен ЕАЭО елдерінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары" халықаралық конференциясында сөз сөйледі.


"Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіп секторлары саласында ынтымақтастықты дамыту" панельдік сессиясы шеңберінде Николай Кушнарев ЕАЭО мемлекеттерінің Моңғолиямен, соның ішінде өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық саласындағы байырғы сенімгерлік қатынастары мен тығыз байланыстарын, сондай-ақ Моңғолия мен ЕАЭО арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімді пысықтау арқылы өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндігін атап өтті.

"Моңғолия экономикасының базалық кен өндіру өнеркәсібіндегі өсуі жабдыққа, механизмдерге және қосалқы бөлшектерге деген тұрақты сұранысты құптайды. Сонымен қатар, Моңғолияның инфрақұрылымдық және көлік жобаларын дамытып, кеңейтуге бағытталған технологиялары мен құзыреттерін тарту жолының қажет екендігін, сондай-ақ жаңа энергия өндіру объектілерін салу қажеттігін туғызады. Мұндай сұраныс пен қажеттілік Моңғолия мен ЕАЭО елдері арасындағы өнеркәсіптегі кооперациялық ынтымақтастықты тереңдетуге орайлас жақсы алғышарт болып табылады және даму мен экономикалық өсудің өршіл мақсаттарына қол жеткізудің түйінді драйверлерінің бірі бола алады", — деп атап өтті Департамент директоры.

Николай Кушнарев конференцияға қатысушыларды қосылған құны жоғары анағұрлым күрделі технологиялық қайта бөлінім өнімдерін шығаруды игерудегі, соның ішінде ұлттық "Экономиканы қалпына келтіру саясаты" шеңберінде Моңғолия өнеркәсібін қалпына келтіру бағдарламасына байластырудағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен механизмдері туралы хабардар етті. Осындай механизмдердің арасынан ол ғылыми-техникалық және инновациялық кооперация мен технологиялар трансферінде жүйелі құрал бола алатын Еуразиялық технологиялық платформаларды атап өтті.

Еуразиялық "бестік" елдері мен Моңғолияның өзара іс-қимылын дамыту мен тереңдетудің тағы бір мүмкіндікті нұсқасы үшінші елдердегі ЕАЭО өнеркәсіптік аймақтары механизмі болып табылады.