Жаңалықтар

11.05.2022 (Обновлено: 23.05.2022 11:56)

ЕЭФ-22 жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылайды

2022 жылғы Еуразиялық экономикалық форумның бірінші панельдік пікірсайысы жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық интеграцияны стратегиялық дамыту перспективаларына арналады. Тақырыптық сессияның түйінді тақырыбы — «2025 Стратегиясы: ЕАЭО-ның болашақтағы бейнесін қалыптастыру жолында. ЕАЭО-дағы ынтымақтастықтың жаңа салалары мен бағыттары».

Күні мен уақыты: 26 мамыр, 9:20 — 10:50 (жергілікті уақыт бойынша)

Орны: Бішкек, Эркиндик бульвары, 21, «Orion» мейманханасы, «Каркыра» залы

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен 2025 Стратегиясы мемлекеттік институттардың, бизнес пен азаматтардың мүдделерін үндестіруге негізделген экономикалық дамудың жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін берік іргетас қалады. 2025 Стратегиясы экономикалық ынтымақтастықтың дәстүрлі салаларынан басқа, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және туризм саласындағы гуманитарлық күн тәртібін үйлестіруді көздейді.
ЕАЭО жұмыс істеуінің ағымдағы сарынын айқындайтын теңдессіз геоэкономикалық сын-қатерлер оған қатысушылардан инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру, қосылған құнның жаңа тізбектерін, әрбір мемлекеттің бәсекелестік әлеуетін толық мәнінде іске асыру мақсатында өндірістік-технологиялық кооперацияны құру есебінен Еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету және экономикалық өсуді қолдаудың жүйелік саясатын жетілдіру жөніндегі тәсілдемелерді терең ой елегінен өткізуді талап етеді.

2025 Стратегиясы — турбулентті 2022 жылы он жыл толатын бірыңғай экономикалық кеңістікті орнатып болудың сенімді тәсілі. Интеграциялық жобаның табысы мен ЕАЭО-ның әлемдік аренадағы ахуал-жайы стратегиялық құжатта көзделген шаралар мен механизмдердің қаншалықты тиімді болатынына байланысты.

Сессия модераторы — ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович.

Сессияда ЕЭК Кеңесінің мүшелері, ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері Мгер Григорян, Игорь Петришенко, Бақыт Сұлтанов, Арзыбек Кожошев және Алексей Оверчук сөз сөйлейді. Арнайы қонақ — ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, сондай-ақ ғылыми топтардың өкілдері.

Бірінші панельдік пікірсайыс төрт тақырыптық сессияны кірістіреді:

           - 2025 Стратегиясы: ЕАЭО-ның болашақтағы бейнесін қалыптастыру жолында. ЕАЭО-дағы ынтымақтастықтың жаңа салалары мен бағыттары;

          - Еуразияшылық — адамдарды біріктірудің идеясы. Болашаққа көзарас; 

         -  Одақтың кедергісіз ішкі нарығының перспективалары. Даму жолдары;

         - ЕАЭО-ның перспективалы халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылы: Үлкен Еуразиядағы өзара пайдалы ынтымақтастық.   

Анықтама

Еуразиялық экономикалық форум 26 мамырда Бішкекте бірінші рет өтеді. Форум бағдарламасы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін жалпы отырысты, сондай-ақ алты панельдік пікірсайысты қамтиды.

Форумға ресми сайтта тіркелуге болады.