Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің Азық-түлік нарығы жөніндегі комитетінің отырысына қатысты.
ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян ЕАЭО елдерінің АӨК-тегі жетістіктерімен, соңғы 10 жылдағы ауыл шаруашылығы өнімі экспортының географиялық және тауарлық құрылымының серпінімен бөлісті. Ол сондай-ақ преференциялы сауда келісімдерінің ЕСА бойынша әріптес елдермен сауданы дамытуға әсері туралы айтты.
ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев ЕАЭО елдерінің бизнесі үшін жасасылған ЕСА туралы келісімдерді іске асырудың артықшылықтары, сондай-ақ жаңа келісімдер жасасу жоспарлары туралы айтып берді."Мүше мемлекеттер мен ЕЭК жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижесі өңірлік сауда-экономикалық интеграцияны кеңейту шеңберінде экспорттық әлеуетті өсіруге және экспортты әртараптандыруға ықпал етеді", – деп атап көрсетті Наира Карапетян.
"Үшінші елдермен қолданыстағы келісімдер шеңберінде біз ЕАЭО мемлекеттерінің жекелеген ауыл шаруашылығы тауары бойынша экспортының айтарлықтай өсуін байқап отырмыз", – деп атап өтті Михаил Черекаев.
Іс-шараға ЕАЭО елдерінің бизнес-қоғамдастығы мен салалық қауымдастықтарының өкілдері қатысты.