ЕАЭО-да е-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттары пайдаланылатын алғашқы тестілік тасымалдар 2026 жылы басталады

19 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Рустан Женалиновтың төрағалығымен өткен бейінді жұмыс тобының отырысында е-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың аралық нәтижелері шығарылды.


Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік, цифрландыру, салықтық және кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органдарының, салалық бірлестіктердің, бизнес-қоғамдастықтардың, сондай-ақ сенім білдірілген үшінші тарап пен электрондық құжат айналымы операторларының өкілдері пилоттық жобаны практикалық іске асыруға көшуді талқылады.

 

Одақта e-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттары пайдаланылатын алғашқы тестілік тасымалдар 2026 жылы басталады.

Қазіргі уақытта экспериментке қатысушылар оны іске асыру үшін қажетті цифрлық инфрақұрылымды құруға кірісті. ЭҚА және КҚД операторлары тестілік режимде ақпараттық өзара іс-қимылды ретке келтіру жұмысын жүргізуде. Жоба шеңберінде тасымалды жүзеге асыруға қызығушылық білдірген ЕАЭО мемлекеттерінің тасымалдаушылары айқындалды.

"Процестердің серпіні, қатысушылардың қатысу деңгейі және пысықтау сапасы күмән тудырмайды – біздің пилоттық жобамыз сәтті іске асырылып қана қоймай, тұтастай алғанда Еуразиялық интеграцияның дамуына елеулі үлес қосады", – деп атап өтті Рустан Женалинов. 

Отырыста e-CMR форматы мен құрылымын және тасымалдауды жүзеге асырудың бизнес-сценарийлерін айқындау бойынша, сондай-ақ ЭҚА және КҚД операторлары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін келісу бойынша жұмыстың қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.

Жұмыс тобының кезекті отырысын 2026 жылдың бірінші тоқсанында өткізу жоспарлануда. 

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты — цифрлық қолтаңба мен "сенім білдірілген үшінші тарап" механизмдерін пайдалана отырып, әртүрлі мемлекеттің субъектілері арасында заңи маңызы бар электрондық құжаттарды трансшекаралық ауысу технологиясын практикалық игерісуді қамтамасыз ету.

Пилоттық жобаны іске асыру көлік құжаттарын алу және тексеру процестерін жеделдетуге, сондай-ақ көлік-логистика және бақылау-қадағалау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде шығындарды азайтуға ықпал ететін болады.