3-4 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің төрағалығымен өткен жоғары деңгейдегі кеңестерде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасы қаралды.
Кездесулер ЕАЭО елдерінің Комиссиямен өзара іс-қимылға уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органдары басшыларының орынбасарлары деңгейінде, сондай-ақ ЕЭК бейінді министрлерінің қатысуымен өтті.
Көптеген принципті мәселе бойынша уағдаластыққа қол жеткізілгені атап өтілді. Таяу арада құжат ЕЭК Кеңесінің мүшелеріне ұсынылады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, кеңестер барысында 2025-Стратегиясын іске асырудың айрықша назар аударуды талап ететін және неғұрлым жоғары деңгейде қарау жоспарланған мәселелері талқыланды.
2023 жылғы 25 желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттерінің президенттері ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына қол қойды.