2 қазанда Минскідегі Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры Ярослав Мандрон ЕЭК пен ЕТДҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың перспективалық бағыттарын ескере отырып әзірленді.
Тараптардың практикалық өзара іс-қимыл механизмдері сарапшылық және ақпараттық алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша үйлестірілген талдамалық жұмысты көздейді.
"Бұл біздің қарым-қатынасымыздың тарихындағы бірінші құжат болды және жүйелік диалогтың негізін қалады. Біз ЕАЭО елдерінің даму жобаларын қолдап, олардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ЕЭК құзыреттері мен ЕТДҚ құралдарын біріктіреміз", – деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына қатысушы мемлекеттер болып табылады.