Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК-тің VI Спартакиадасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев чемпиондарды құттықтап, алтын медальдарды табыстады.
Жарысқа Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінің өкілдері – ЕЭК-тің 360-тан астам қызметкері мен лауазымды адамы қатысты. 75 медаль жиынтығы ойнатылды.
Спартакиада-2026 бағдарламасына шағын футбол, баскетбол, волейбол, арқан тарту, бадминтон, күштемелі жаттығулар, жүгіру, теннис, шахмат, дойбы, дартс, киберспорт және басқаларын қоса, 27 спорт түрі кірді.
Жарыс қорытындысы бойынша 81 қатысушы алтын медаль иегері атанды.
Жалпыкомандалық есепте барлығы 42 медаль, соның ішінде 15 алтын медаль жеңіп алған Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының блогы сөзсіз жеңіске жетті. Комиссия Алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаевқа VI Спартакиада жеңімпазының кубогы табысталды.
Жарысқа ЕЭК министрлері белсене қатысты.
Мысалы, Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр Арзыбек Кожошев 100 метрге жүгіру мен волейболдан күміс, сондай-ақ шағын футболдан қола медаль алды. Жалпы командалық турнирде оның блогының спортшылары екінші орынға ие болды. Үшінші орын – министр Варос Симонян бастаған Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі блок қызметкерлерінде.
Спартакиаданың бірнеше рекорды орнатылды.
Суда жүзуде ЕЭК Алқасы Төрағасы Хатшылығының кеңесшісі Әсет Темірболат пен Монополияға қарсы реттеу департаментінің биржалық нарықты жоспарлау, бақылау, әдіснама және мониториң бөлімінің бастығы Инесса Микулич үздік нәтиже көрсетті.
Планканы ұстап қалу турнирінде Кедендік инфрақұрылым департаментінің кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің интеграциясы бөлімінің кеңесшісі Татьяна Рапейко рекорд орнатты.
Кір тасы спортында ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр Хатшылығының басшысы Валерий Бельский ең жоғары нәтиже көрсетті.
Отырып-тұруда Энергетика департаментінің мұнай-газ саясаты бөлімінің кеңесшісі Владимир Ключев пен Құқықтық департаменттің құқықтық редакциялау бөлімінің консультанты Татьяна Михайлова рекордтық жетістіктерімен жеңіске жетті.