Жаңалықтар

27.09.2022 (Обновлено: 06.10.2022 10:23)

Тұтынушылар мен ЕАЭО бизнесі бір-біріне түсіністікпен қарап келеді

Бішкектегі «Антиконтрафакт-2022» халықаралық форумының пікірсайыс сессиясының қорытындысы бойынша ЕАЭО елдері нарығындағы тұтынушы мен кәсіпкердің адал өзара іс-қимылының механизмдері тұжырымдалды. Сессия модераторы – ЕЭК-тің Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова.

«Қазіргі заманғы жағдайларда тұтыну нарығына қатысушылар арасындағы сенім деңгейін арттыру, азаматтардың құқықтарын берік қорғауды қамтамасыз ету, олар үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Экономикалық сын-қатерлерге ең жақсы жауап - тұтынушының мүдделерін ескеретін кәсіби қоғамдастықтардың жауапкершілігін қалыптастыру болуға тиіс»,- деп атап өтті ЕЭК-тің Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова.

Наталья Жукованың сөзінше, жаһандық экономикадағы дағдарысты құбылыстар ЕАЭО-да азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейіне әсер етпеуге тиіс, қазір бұл үшін барлық жағдай жасалған.

Бизнес-қауымдастықтардың, ЕАЭО елдерінің, Өзбекстанның мемлекеттік және қоғамдық органдары мен ұйымдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері тұтынушылардың мүддесі үшін бизнесті өзін-өзі реттеудің үрдістері мен перспективаларын, тұтыну нарығын контрафактілік және жалған өнімдерден қорғаудың маңызды элементі ретінде өндіріс пен маркетингтің ерікті стандарттарын қолданудың озық практикалық дәрежесін қарады.

ЕАЭО елдерінің электрондық саудада тұтынушылар құқықтарын қорғауға орайлас ортақ тәсілдемелерін айқындау жөнінде Комиссия алаңында бастама жасалған жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

Қатысушылар адал іскерлік практиканың маңызды элементі ретінде тұтынушылық дауларды реттеудің баламалы онлайн-механизмдерін тұжырымдау жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады. Бұл жұмыс ЕАЭО елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Сессияда Еуразияның шырындар, сулар және ішімдіктер одағы басшылығы мен Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Азық-түлік жөніндегі ғылыми-практикалық орталығы арасында тұтынушылық нарықтағы тиімді адал өзара қатынастарды дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Наталья Жукова ЕЭК-тің ЕАЭО елдерінде тұтынушылық нарыққа қатысушылардың өндірілетін өнімдер сапасын арттыруға бағытталған күш-жігерін шоғырландырудың жаңа механизмдерін тұжырымдауға көп назар аударылатынын атап көрсетті.