Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян Волгоград облысында "Бүкілресейлік алқап күні — 2025" көрмесі шеңберінде өткен "Генетика. Қарапайым сөздермен маңызды мәселе туралы" атты дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнімді өткізу бойынша инновациялық тәсілдемелерді ендіру жайында айтып берді.
"Қазіргі кезеңдегі негізгі бағыт Одақ елдері мен Комиссияның селекциялық-асылдандыру жұмысына геномдық талдау негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау әдіснамасын кеңінен ендіру жөніндегі бірлескен қызмет болуға тиіс", — деп атап өтті Наира Карапетян.
Көрменің іс-шаралары барысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жоспарлары, отандық селекциялық жетістіктерді сақтаудың қазіргі заманғы мүмкіндіктері, сүтті бағыттағы ірі қара малдың генетикалық әлеуетін жақсарту жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жануарлардың асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесін ендіру нәтижелері туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ Одақ шеңберінде асыл тұқымды ресурстар нарығының жай-күйі мен даму перспективаларын қарады.
Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау, өздерінің бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнімін өндіруді ұлғайту үшін олардың генотиптік және фенотиптік белгілерін жинауға және есепке алуға орайлас бірыңғай тәсілдемелерді қолдану қажеттігі атап өтілді. Наира Карапетян мал шаруашылығын орнықты дамыту бойынша ортақ мақсатқа жету үшін келісілген іс-қимылдың маңызды екендігін атап көрсетті.