Жаңалықтар

29.05.2023 (Обновлено: 01.06.2023 09:52)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің атына ЕАЭО күніне орай құттықтаулар келіп түсті

Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейниктің құттықтау хаты:

«Сізді және Еуразиялық экономикалық комиссияның бүкіл ұжымын Еуразиялық экономикалық одақ күнімен шын жүректен құттықтаймын.

8 жыл бұрын мемлекет басшылары қабылдаған ЕАЭО құру туралы шешім посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерді қайтымсыз тереңдетуге, оған қатысушы елдердің экономикалық тұрақтылығын арттыруға, олардың егемендігі мен халықаралық субъективтілігін сақтауға бастама берді.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудағы орталық рөл Еуразиялық экономикалық комиссияға тиесілі, барлық қазіргі қиындықтарды Сіздің басшылығыңыздың арқасында тиісті дәрежеде жеңіп келеміз.

Құрметті Михаил Владимирович Сізге және ЕЭК-тің барлық қызметкерлеріне мол бақыт, береке-бірлік, бейбіт аспан және алдағы жұмыста табыс тілеймін».

Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровтың құттықтау хаты:

«Еуразиялық экономикалық одақ күніне орай құттықтау хатымды және ізгі тілектерімді қабыл алыңыз.

Осы айтулы күні біз Одағымыздың маңыздылығын және оның экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы, халқымыздың өмір сүру деңгейін арттырудағы және өңірде орнықты дамуды құрудағы маңызды рөлін атап өтеміз.

Еуразиялық экономикалық одақ ортақ мақсаттарды жақындастыруға және біздің өзара қарым-қатынасымызды нығайтуға ықпал ететін батымды тетікке айналды, бұл бізге ынтымақтастықта жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен күш-жігер мен сенімнің арқасында біздің Одақтың күн санап дамуы мен нығаюы қуантады. Соңғы жылдары біз сауда, экономика, инновация және көлік инфрақұрылымында жалпы ережелер мен стандарттарды белгілеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік, бұл әлемдік аренада бәсекеге қабілетті әлеуетімізді арттыруға ықпал етеді.

Әрбір мүше мемлекеттің белсенді қолдауынсыз және қатысуынсыз біз жетістіктерге жете алмас едік. Біздің одақ өзара сыйластық, диалог және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделеді. Біз бірлігіміздің күшіне нық сенімдіміз және біз бірлесіп үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз және қиындықтарды жеңе аламыз деп сенеміз.

Осы ерекше күні Сізге және Сіздің командаңызға мемлекеттеріміз бен халқымыздың өркендеуін қамтамасыз ету үшін Еуразиялық интеграцияны нығайту ісінде одан әрі табыс тілеймін.

Одағымызға жаңа жетістіктер тілеймін. Біздің ұмтылыстарымыз ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен серіктестікке бағытталсын».

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті Төрағасының Бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиевтің құттықтау хаты:

«Еуразиялық экономикалық одақ күніне орай менің жылы лебізімді қабыл алыңыздар.

Бұл күн біздің Одақ үшін маңызды, біздің ортақ мақсатымыз – еуразиялық интеграцияны нығайту, елдеріміз арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақ өзінің қызмет көрсету жылдарында экономикалық өзара іс-қимылды орнықты дамыту және өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін берік іргетасқа айналды.

Бірлескен күш-жігердің арқасында біз азаматтарымыздың өмірін жақсартуға және одаққа мүше мемлекеттерде қолайлы экономикалық орта құруға ықпал еткен маңызды жобалар мен бастамаларды әзірлеп, іске асыра алдық.

Еуразиялық экономикалық одақ күні бізге жетістіктерімізді бағалауға және еңсерген қиындықтарымызды көруге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар біздің ортақ мақсаттарымыз бен міндеттемелерімізді еске салады. Біз одағымызды нығайту жөніндегі жоспарлы жұмысты жалғастырып, экономикалық даму мен өркендеу үшін одан да қолайлы жағдайларға ұмтылуымыз керек.

Осындай еркеше күні, құрметті Михаил Владимирович, менің шын жүректен құттықтауымды Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге өзінің кәсібилігімен үлес қосып келе жатқан Еуразиялық экономикалық комиссияның барлық ұжымына жеткізуіңізді сұраймын».