Жаңалықтар

25.05.2022 (Обновлено: 10.06.2022 13:43)

Бішкекте ЕАЭО елдерінің нарығындағы тұтынушыға адал қарым-қатынас практикасы талқыланды

25 мамырда Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум қарсаңында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығында тұтынушыға адал қарым-қатынас практикасын дамыту бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өндіріс пен маркетингтің ерікті стандарттарын қолданудың, сапа менеджменті жүйесін ендірудің озық практикалық тәжірибесін, бизнестің профилактикасына және жауапкершілігін арттыруға негізделген өзін-өзі реттеуді дамыту перспективаларын талқылады.

Іс-шараны одақтық мемлекеттер бизнесінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия өткізді. Оған ЕАЭО елдерінің, Өзбекстан Республикасының бизнес-қауымдастықтарының, мемлекеттік және қоғамдық органдары мен ұйымдарының және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

«Қазіргі кезең бизнестің өзінің мінез-құлық үлгілерін қайта құруымен сипатталады. Тұтынушының мүдделерін ескеру және оның қажеттіліктеріне құрметпен қарау мемлекет тарапынан да, интеграциялық экономикалық бірлестік тарапынан да қолдауды талап ететін іскерлік практикадағы жаңа жақсы трендке айналады», – деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко. 
Ол Комиссияның экономикалық орнықтылықты қолдау және ЕАЭО ішкі нарығын дамыту үшін бизнес пен қоғамды шоғырландырудың жаңа механизмдерін әзірлеуге көп көңіл бөлетінін атап өтті. 

Анықтама

Дөңгелек үстелді Комиссия Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің қолдауымен Б.Н.Ельцин атындағы Ресей-Қырғыз Славян университеті алаңында өткізді.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі