Жаңалықтар

18.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 09:17)

Мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары толықтырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 18 мамырда Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.

Комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, «Арнайы машина жасау» (ауыл шаруашылығы тракторлары) саласы бойынша тауар позициялары үшін шарттар мен өндірістік операцияларды келісті және «Энергетикалық машина жасау, электр техникалық және кабельдік өнеркәсіп» (қорғасын аккумуляторларының екі түрі) саласы бойынша шарттар мен операцияларды қосымша тұжырымдады.

Сөйтіп, ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларының осы салалардың тауарлары үшін жағдайлар, өндірістік және технологиялық операциялар қалыптастыру тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, Кеңес шешімі осы салалардың тауарлары үшін өндірістерді оқшаулау деңгейін арттырады.

«Қабылданған жағдайлар мен технологиялық операциялар кооперациялық қағидатты қамтамасыз етеді, Одақ мемлекеттерінде құрылған өндірістік қуаттар процесіне барынша іске қосуға мүмкіндік береді. Біз мемлекеттік сатып алу нарығына қатысуға мүдделі бизнестің жұмыс жағдайларын оңайлату жайын да ұмытпаймыз», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Ол өндіріс жағдайлары қағидалармен айқындалатын тауар шығарылған ел мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімінен үзінді көшірмелер беру арқылы расталатынын еске салды. Тиісті ақпараттық ресурсты Комиссия осы жылғы сәуірдің соңында іске қосты және үзінді көшірмені автоматты режимде алуға мүмкіндік береді.