Қымбатты достар!
Жаңа жылға байланысты шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеруге қол жеткізілді. Бұл теңдік, тең өкілдік ету, бәтуаластықпен шешім қабылдау қағидаттарына негізделген біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесінде мүмкін болды.
Бәріміз бірге әлі де көп нәрсе жасауымыз керек. Бірінші кезектегі міндетіміз – экономиканың барлық саласын ауқымды цифрлық трансформациялау, өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, халықаралық байланысуды кеңейту және ең бастысы – ЕАЭО елдері азаматтарының әл-ауқатын арттыру.
Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атымнан сіздерге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін! Біздің мемлекеттеріміз өркендеп, өрлей берсін!
Жаңа 2026 жыл құтты болсын!
Құрметпен,
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев