Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты
ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты
24.09.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Адамдардың қаза болуына себеп болған қайғылы оқиға туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болған азаматтардың отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.
2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды.